Quantcast
Channel: Басты бет - ТИГУ
Viewing all 30 articles
Browse latest View live

Кафедра жетістіктері

$
0
0

Кафедра жетістіктері:

«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті бойынша бекітіліп жарияланған ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізу жөнінде ережелерге сәйкес ұйымдастырылған. Кафедрадағы ынталы ғылыми-зерттеу жұмыстары ТИГУ- нің кешенді ғылыми бағдарламасының ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптық жоспарына сәйкес келесі  бағытта жүргізіледі:

 «Тұтынушы талаптарына сай  тағамдық сапасы жоғары  қышқыл сүт сусындарын өндіру технологиясын жасау» .(регистрациялық  нөмірі 0112РК03041. 090207/19 11.01.2013.).

Тақырып бойынша 3 инновациялық өнертабысқа ұсыныс беріліп, оң шешім алған:

1 Спандияров Е.С., Саржанова Г.Ш., Ерғалиева Ж.К., Маликтаева П.М. «Устройство для определения угла естественного откоса сыпучих пищевых материалов» тақырыбы бойынша.

2. Спандияров Е., Сұлтанов С.Д. Қымыз  дайындау  тәсілі. Инновациялық патентке 17.10.2013 ж. №79273 оң шешім келді.

3. Спандияров Е., Горбатовская Н.А., Аязбаев Т.Л. «Универсальное сепарирующее устройство» Инновациялық патенттің оң шешімі келді №2013/0234.1 от 23.07.2013 года №12-3/2940.

Сонымен қатар ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі Тараз қ. «Казфосфат» ЖШС-не «ZNAMBYL STANDART» ЖШС-а, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Тамақ өнеркәсібі ғылыми зерттеу институтына» және кафедра пәндерінің оқу үрдісіне енгізілген.

Кафедра оқытушыларының біліктілігін көтеру:

Кафедра оқытушылары әрдайым біліктіліктерін көтеріп отырады. ИСО стандарттарын қолдану, сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсарту, жаңашыл әдістерді оқу үрдісіне енгізу, «Платон» бағдарламасын қолдану бойынша  «Өрлеу», «Интерсертифика-Центр Азия», Thomson Reuters Девид Хоркидің, Түркияның сертификаттау орталығының, «ARTA Learning Solutions» ЖШС-нің және т.с.с. семинарларына қатысып, сертификаттар алған.

Кафедра оқытушыларының 2-і (Саржанова Г.Ш., Ж.С. Рахманова) Аймақтық Менеджмент Академиясының профессоры корреспондент мүшесі, Маликтаева П.М.,  Аймақтық Менеджмент Академиясының қауымдастырылған профессоры (доцент) атағын алды.

Сонымен қатар кейінгі үш оқу жылында 5 оқулық: «Стандарттау негіздері» (Саржанова Г.Ш.), «Метрология негіздері» (Рахманова Ж.С.), «Экология және қоршаған ортаны қорғау» (Булекбаева К.Б.), «Метрология» (Рахманова Ж.С.) «Тамақ өнімдерінің сапасын физико-химиялық тұрғыдан талдау» (Маликтаева П.М.), 1 оқу құралы «Сапа менеджменті жүйелерінің негіздері» (Маликтаева П.М..) жарыққа шыққан.

 2017 жылдың өзінде 2 Tomson Reuters, Scopus.Springer журналдарында  (Булекбаева К.Б.) мақала шықты.

Әріптестік туралы кафедраның жасасқан келісім-шарттары:

Жамбыл қаласындағы Аса аулындығы, Юрий Гагарин атындағы орта мектебімен, Тараз қаласындағы № 37, 32 мектептермен, Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан аулы, Шоқан Уәлиханов атындағы шағын орталықты орта мектебімен, Жамбыл облысы, № 3 Байзақ колледжімен, «Али–Army–Food»  ЖШС-мен ынтымақтастық келісім-шарттар және Алматы гуманитарлық-техникалық университетімен ынтымақ-тастық меморандум жасалған.

Мекен-жайы:  Тараз қаласы,  Желтоқсан көшесі №69 «Б», Рысбек батыр көшесі

№ 13 «Б», тел.:  57-70-67, 56-31-98

сот.: 87021072844, 87001383732

№ 1.3.222 каб., «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасы  


Саржанова Күлдана Шаяхметқызы

$
0
0

 

Саржанова Гүлдана Шаяхметқызы,  т.ғ.к., доцент, АМА профессоры, корреспондент мүшесі.

Саржанова Гүлдана Шаяхметқызы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының «Астықты сақтау және өңдеу технологиясы» мамандығын 1974 жылы «инженер-технолог» деген біліктілікпен үздік бағамен аяқтаған.

1974-2005 ж.ж. аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Азық-түлік өнімдері технологиясы» кафедрасында доцент қызметін атқарған, 2005 жылдан А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Жаратылыстану пәндері» кафедрасында доцент қызметін, ал 2006 жылдан кафедра меңгерушісі, 2010 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының  меңгерушісі қызметін атқаруда.

Ол 100 ден аса ғылыми мақалалардың және инновациялық патенттердің авторы, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде (Чехия, Польша, Румыния, Болгария, Индия, Ресей, Қырғызстан), Республика көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға ұдайы қатысып отырады.

            Ғылыми қызығушылықтар саласы:

            Стандарттау, сертификаттау және тамақ өнімдерінің технологиясы

            Оқытатын пәндері:

            Стандарттау және сертификаттау; Азық-түлік өнімдерінің технологиясы, Сауықтыру (функционалды) тағамдарды стандарттауТамақ өнімдерінің микробиологиялық қауіпсіздігі

            Біліктілікті көтеру:

            ИСО стандарттарын қолдану, сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсарту, жаңашыл әдістерді оқу үрдісіне енгізу, «Платон» бағдарламасын қолдану бойынша  «Өрлеу», «Интерсертифика-Центр Азия», Thomson Reuters Девид Хоркидің, Түркияның сертификаттау орталығының, «ARTA Learning Solutions» ЖШС-нің және т.с.с. сертификаттарын алған.

- «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу» (ISO 37001 «Парақорлықпен күресу бойынша менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық»; ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулар»; ISO/TR «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулық»)» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Тараз қ, 2017 №1329;

- «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Тараз. қ

            Басылымдар:

            100 ден аса астам ғылыми еңбектерінің авторы.

  • «Устройство для определения угла естественного откоса сыпучих пищевых материалов» Инновационный патент Республики Казахстан №27959.  24.12.2013;
  • «Тағам дайындау технологиясы» оқулық Республиканский учебно-методический центр, Астана. 2011г.
  • «Стандарттау негіздері» оқулық «Эверо» ЖШС Алматы 2013
  • «Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығының оқу-өндірістік тәжірибелерінің оқу әдістемелік кешендері» оқулық,  ҚР БҒМ «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» Астана
  • Определение  угла естественного откоса толокна «Тары». Материалы ІХ МНПК «Актуальные вопросы современных наук», 07.-15.06.201ж. Sp. zo.o. “NaukaIstudia”,(Przemysl, Польша)
  • Исследование методы Кайдзен, реализованного в рамках системы менеджменте качества университета. ХҒПК ««Инновационный менеджмент и технологии в эпоху глобализации», (штат Гоа, отель Bogmallo Beach Resort) 10-17 қаңтар 2014 Индия 56-31-98, 87017709191SKSH_09@maiI.ru 

 

Абдибеков Бақытжан Тукеновұлы

$
0
0

   Абдибеков Бақытжан Тукеновұлы, в.ғ.к., «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының доценті.

1981жылы Семей  Зоотехникалық-ветринарлық институтына түсіп 1987 жылы аяқтады. Мамандығы 16.00.03-Эпизоотология, микробиология, иммунобиология.

1994 жылы Мәскеу қ. Я.Р. Коваленко атындағы Бүкіл одақтық эксперименталді ветеринариялық институтында«Иммунный статус овец при сочетанном заражении овец хламедиями и желудочно-кищечноми стронгилятами и пути его коррекций»  тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

Ол 32 ден аса ғылыми мақалалардың және инновациялық патенттердің авторы, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде (Чехия, Польша, Румыния, Болгария, Ресей, Өзбекстан), Республика көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға ұдайы қатысып отырады.

Ғылыми қызығушылықтар саласы:

            Биология және ветериналық қызмет көрсету

            Оқытатын пәндері:

Мал шаруашылығы негіздері, Клеткалық биология, Жануарлар физиологиясы және биохимиясы, Санитарлық микробиология, Жануарлар физиологиясы және биохимиясы.

Біліктілікті көтеру:

- «Электрондық оқулықтар негізінде оқу үрдісін технологияландыру» Ұлттық ақпараттандыру орталығы. №9036549-16-00528. 29.02.2016ж. Алматы.

Басылымдар:

-«Балық шаруашылығының гидротехникасы» оқу құралы, ҚР Білім және Ғылым министрлігі. Алматы, 2014ж

- «Қорғаулы топырақ құрылыстарында көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы» оқулық.  ҚР Білім және Ғылым министрлігі, Алматы 2015ж

Бөдене жұмыртқасының өнімділігі» Немеребаев Мұқатайдың 70 жылдығына арналған «ЖаҺандану заманындағы жаратылыстану және техникалық ғылым» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция 1171072017ж Тараз ТИГУ 153-156б

      -« Буылтық құрттар типінің бір класы сүліктердің келіп эволюциясы және салыстырмалы анатомиясы» Немеребаев Мұқатайдың 70 жылдығына арналған «ЖаҺандану заманындағы жаратылыстану және техникалық ғылым» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция 1171072017ж Тараз ТИГУ 137-147б Байланыс тел. 87023663118

 

Рахманова Жансауле Сергеевна

$
0
0

                    Рахманова Жансауле Сергеевна - техника ғылымының кандидаты (PһD), Аймақтық Менеджмент Академиясының корреспондент-мүшесі

Рахманова Жансауле Сергеевна 1985-1990 жылдары С.М.Киров атындағы Ленинград жеңіл және текстиль өнеркәсібі институтында оқып, «Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен аппараттары» мамандығы бойынша инженер-механик деген біліктілікпен аяқтаған.

1990-2008 аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Жеңіл және тоқыма өнеркәсібі» факультетінің деканы орынбасары, «Технологиялық процестегі стандарттау және сертификаттау» кафедрасында доцент қызметін атқарған.

2008 жылдан бастап Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде «Жаратылыстану» факультетінің оқу-әдістемелік бюросының төрайымы және «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.

Ғылыми қызығушылықтар саласы:

            Стандарттау, метрология, сертификаттау және қызмет көрсету саласы;

            Оқытатын пәндері:

«Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын аккредиттеу», «Стандарттар мен нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу»,  «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету»

Басылымдар:

70 ден аса ғылыми мақалалардың авторы, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде (Ресей, Чехия, Польша, Румыния, Болгария, Индия, Қырғызстан), Республика көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға ұдайы қатысып отырады.

-          Метрология негіздері. Оқулық. «Эверо» ЖШС, Алматы, 2013

 - «Полимерлік композит материалдардың температураға беріктігі мен деформациясы»Regional Academy of Management European Scientific Foundation Institute of Innovation Regional Center for European Integration National Institute of Economic Research Sokhumi State University. Materials of the II International scientific-practical conference "Integration of the scientific community to the global challenges of our time" March 7-9, 2017, Osaka, Japan Volume I Osaka, 2017

- «Жанармайдың өндірілуі мен көрсеткіштерін талдау» Materialy XIII miedznarodowej naukowi-praktycznej konferencji  “Strategiczne pytania swiatowej nauki-2017” 07-15Lutego 2017 roku Tom 9

Біліктілігі:

ИСО стандарттарын қолдану, сапа менеджменті жүйесін ұдайы жақсарту, жаңашыл әдістерді оқу үрдісіне енгізу, «Платон» бағдарламасын қолдану бойынша, «Интерсертифика-Центр Азия» және т.с.с. сертификаттарын алған.

- «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу» (ISO 37001 «Парақорлықпен күресу бойынша менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық»; ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулар»; ISO/TR «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулық»)» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Тараз қ, 2017 №1329;

- «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Тараз. қ

Байланыс: сот. 87016668141 Emailmikosha_68@mail.ru

Булекбаева Камила Балтабаевна

$
0
0

1990 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтындағы «Өңдеу өндірісінің химиялық технологиясы мен жабдығы» мамандығына түсіп, 1995 жылы «инженер- химик - технолог» мамандығы бойынша біліктілігін алды.

1995 жылы аталған институттың «Процестер мен аппараттар» кафедрасына ассистент қызметін атқарды. Кейінірек аға оқытушы қызметіне ауыстырылды.

2006 жылы мамыр айында М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетіндеге Диссертациялық кеңесте 05.17.08 - «Химиялық технологиялардың процестері мен аппараттары» мамандығы бойынша «Фазалардың белсенді режимінде газдар мен аэрозольдерді тазалаудың тиімді әдістері» (Эффективные методы очистки газов и аэрозолей в активных режимах фаз) тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2006 жылы Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында аға оқытушы, доцент м.а., «Оқу – әдістемелік бөлімінің бастығы» қызметін, «Сапа менеджменті» бөлімінің бастығы, 2009 жылдан бастап Тараз инновациялық- гуманитарлық университеті «Жаратылыстану пәндері» кафедрасында, бүгінгі күні «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының доценті қызметін атқаруда.

Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің Ұлттық сарапшысы.

Ол 50 ден аса ғылыми мақалалардың және инновациялық патент авторы, сонымен қатар алыс және жақын шетелдерде, Республика көлемінде ұйымдастырылатын ғылыми конференцияларға ұдайы қатысып отырады.

            Ғылыми қызығушылықтар саласы:

            Стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау, сапа менеджменті жүйелері, экология, процестер мен аппараттар, аккредитация.

            Оқытатын пәндері:

            Тауарларды және қызметтерді сараптау, Органикалық өнімдерді өндіруді стандарттау және сертификаттау, Квалиметрия, Өнім сапасын және процестерді басқаруды бақылаудың статистикалық әдістері, Сапаны басқарудың инновациялық тәсілдері, Сапа менеджменті жүйелері.

            Біліктілікті көтеру:

- «Жоғары оқу орындарын сыртқы бағалау (аудит) рәсімі және өзін-өзі бағалау есептерін сараптау» Шымкент қ. №476 Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі. Ұлттық сарапшының сертификаты, 14.01.2016ж.

- «Организация коучинговой и менторинговой практики в контексте обновления содержания образования» АҚ «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» 72 сағ, №0083008 26.02.2016ж.

- «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу» (ISO 37001 «Парақорлықпен күресу бойынша менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық»; ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулар»; ISO/TR «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулық»)» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Тараз қ, 2017 №1329;

- «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Тараз қ.

- ИИДМБ-ның базалық ЖОО-ларының тәжірибесін және кәсіпкерлік дағдыларды дамытуды ескере отырып, педагог кадрларларды, ЖОО-ның ОҚП-сын даярлауды күшейту үшін ОПҚ-ның біліктілігін арттыру, оның ішінде онлайн режимде арттыру курсына сәйкес «Педагогика мамандығының оқытушыларына шетел тілін оқыту» курсы, Pre – Intermediate деңгейі.

ҚР Білім және Ғылым министрлігі Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті. 160 сағ.

- «Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігі» «Студентке орталықтандырылған оқыту, білім беру және бағалау: принциптері және технологиялары» халықаралық оқыту семинары 05.-06.10.2017ж. №0086

Басылымдар:

Импакт-факторы бар рейтингті шетел басылымда:

-«Моделирование тепломассообмена при коалесценции капель  в газокапельном потоке» Теоретические основы химической технологии  Издательство: Федеральное государственное унитарное предприятие "Академический научно-издательский, производственно-полиграфический и книгораспространительский центр "Наука"(Москва) ISSN: 0040-3571 2017ж ст 519-524. Импакт-фактор журнала в РИНЦ: 1,15.

Effective Methods for Dust Collection and Separation of Aerosols on the Active Regimes of Phase Interaction» CHEMICAL ENGINEERING TRANSACTIONS, Valerio Cozzani Eddy De Rademaeker Davide Manca Volume 53, 2016 p289-294 (Скопус базасындағы басылым).

Алыс шетел басылымдары:

- «Mathematical modelling the dynamics of colliding droplets with application to transport phenomena» Recent advances in mathematical methods, mathematical models and simulation in science and engineering. Interlaken, Switzerland February 22-24, 2014 (47-52);

- «Relaxation models of competing manufactures dynamics» Proceedings of the 13th International Conference on Systems Theory and Scientific Computation (ISTASC '13) Valencia, Spain August 6-8, 2013 (147-152б)

Байланыс тел. сот 8701 327 83 67  EmailNurhat@mail.ru

Амиралиева Индира Усербековна

$
0
0

Амиралиева Индира Усербековна 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің  «Өңдеу өндірісінің химиялық технологиясы және жабдықтары» бойынша мамандығын бітірді.

Еңбек өтілі.

2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетіннің «Экология және география» кафедрасында лаборант қызметін атқарды. 2003-2006 ж.ж. аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетіндегі диссертациялық кенесінің хатшы қызметін атқарды. 2006-2011 ж.ж. аралығында А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасында оқытушы қызметін, ал 2013 жылдан Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасында аға оқытушы  қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының аға оқытушы қызметін атқаруда.

Қазіргі уақытқа 30 астам ғылыми еңбектері бар.

Ғылыми қызығушылықтар саласы:

Стандарттау, метрология, сертификаттау және қызмет көрсету саласы;

Оқытатын пәндері:

Кеден одағының нормативтік базасы, Стандарттау нысандарын маркетингтік зерттеуді ұйымдастыру, Сапаның креативтік менеджмент  негіздері.

Біліктілігі

ҚР инвестициялар және даму министрлігі Техикалық реттеу және метрология комитетінің «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру», «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу»,  «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу»  және т.с.с. сертификаттарын алған.

  1. «Инновационная деятельность и менеджмент знаний в современном учебном заведении». 31март-12 апрель 2014 ж.
  2. «Национальный центр экспертизы и сертификации» 05.01.15г.-02.02.15ж. №78
  3.  «Zhambulstandart» 11.01.2016ж. - 08.02.2016ж.  80 саг». №007

- «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу» (ISO 37001 «Парақорлықпен күресу бойынша менеджмент жүйелері. Қолдану жөніндегі талаптар мен нұсқаулық»; ISO 31000 «Тәуекелдер менеджменті. Принциптері мен басшылық нұсқаулар»; ISO/TR «Тәуекелдер менеджменті. ISO 31000 енгізу жөніндегі нұсқаулық»)» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын Тараз қ, 2017 №1329;

- «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру» ҚР инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Тараз. Қ

Басылым:

  1.  «Реализация система менеджмента качество с применением business studio». Международная научно-практическая конференции«Менеджмент качества:поиск и решения»01 ноября 2013 г. Павлодар.
  2. «Планирование и проведение внутреннего аудита». Зарубежная международная научно-практическая конференция «Инновационный менеджмент и технологии в эпоху глобализации»,Индия (штат Гоа, отель Bogmallo Beach Resort) 10-17 қаңтар 2014.
  3. «Использование растительных веществ в кисломолочных напитках». Materials of XI International scientific and practical conferenct, Cuttingedge science-2015, April 30 – May 7, 2015.
  4. «Расчеты и анализ уровня загрязняющих веществ выбрасываемых в окружающую среду» Актуальные научные исследования в современном мире Выпуск 1(21) часть 3. Январь 2017г. Список научных трудов. 132-138
  5. «Консервіленген жемістер мен көкөністер тұтыну» Materialy XIII miedznarodowej naukowi-praktycznej konferencji  Science and civilization-2017 30 januare-07 Februare, 2017.  60-63 Байланыс тел: 87024571476, E.mail.doni_2207@mail.ru

Кужебаева Улбосын Жангазиевна

$
0
0

«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының аға оқытушысы ветеринария ғылымдарының магистрі Кужебаева Улболсын Жангазиевна

Кужебаева Улболсын Жангазиевна 2013 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –техникалық университетінің Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінде 5В120200-Ветеринарлық санитария бойынша мамандығын үздік бағамен бітірді.

Еңбек өтілі.Еңбек жолын 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті  Экология және биотехнология кафедрасында оқытушылық қызметінен бастады.  2014-2016 ж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық –техникалық университетінің Ветеринарлық медицина және биотехнология факультетінде 6М120100-Ветеринарлық медицина мамандығында оқып ветеринария ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.2015 -2017 жылдары Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті  Экология және биотехнология кафедрасында аға  оқытушылық қызметін атқарды.2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқаруда.

Басылымдар

Қазіргі уақытқа дейін 13 ғылыми мақаланың, 5 оқу құралының авторы, сонымен қатар  4 ғылыми жұмыс нәтижелері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің оқу процесіне енгізілді және 2 жұмыс өндіріс  процесіне енгізілді.

Ғылыми еңбектер:

  1. Кужебаева У.Ж., Кармалиев Р.С. Эффективность применения препарата альвет-суспензия при стронгилятозах пищеварительного тракта овец в условиях Западно-Казахстанской области // Российский паразитологический журнал. – Мәскеу, 2016 ж. – Т.35. – Шығ.1. 102-106 б.
  2. Кужебаева У.Ж., Кармалиев Р.С. Возрасная динамика инвазированности овец стронгилятами пищеварительного тракта в условиях Западно-Казахстанской области // Журнал Ветеринария – Мәскеу,  2016 ж. № 2. 34-35 б.

3. Кужебаева У.Ж., Байтлесов Е.У., Кенжеғалиева М.Б. «Эффективность применения препарата альвет-суспензия при гельминтозах пищеварительного тракта крупного рогатого скота в условиях КХ «Игілік ӘЖҚ» Вестник государственного университета имени Шакарима города Семей, Семей, 2017. № 3. С.287-291

Біліктілік көтеру:

1. Дәріс курсы «Жұқпалы патологиялар және оларды алдын алу жолдарының заманауи мәселелері», 1 кредит көлімінде (сертификат № 403), Орал қ, (30 қыркүйек - 3 қазан 2014 ж).

2. Дәріс курсы «Күйіс қайыратын малдардың ОЖЖ вирустық және бактериялдық аурулары кезіндегі биохимиялық өзгерістер және зат алмасу процесінің бұзылуын анықтау мақсатында биомаркерлердің маңыздылығы», 2 кредит көлімінде (сертификат № 855), Орал қ,  (14 - 27 қазан 2014 ж).

3. Дәріс курсы «Инновациялық тұрғыдан жануарлардың ауруларын анықтау, емдеу және алдын алу», 2 кредит көлімінде (сертификат № 1318), Орал қ, (24 қараша - 6 желтоқсан 2014 ж).

4. Дәріс курсы «Ауыл шаруашылық жануарларының іріңді-некротикалық процестерінің алдын алу және емдеу», 2 кредит көлімінде (сертификат № 1643), Орал қ, (10 - 23 желтоқсан 2014 ж).

5. Стажировка в Федеральном государственном бюджетном научном учреждении «Всероссийский научно-исследовательский институт фундаментальной и прикладной паразитологии животных и растений имени К.И. Скрябина» на тему «Современные методы гельминтологических исследований» в объеме 56 часов (сертификат, июнь 2015 года).

6. Springer Nature certificate has successfully completed the official Springer Nature training how to use how to publish, Uralsk (sertificate, 3 februare 2017)

Байланыс тел. 87053901909 , Е.mail. usya_999@mail.ru

Пірімқұлова Гүлназ Талғатқызы

$
0
0

 

«Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасының оператор қызметкері. Пірімқұлова Гүлназ Талғатқызы 2017жылы Тараз инновациялық - гуманитарлық университетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығын үздік бағамен бітірді.

Еңбек өтілі Еңбек жолын 2017 жылы Тараз инновацияқ - гуманитарлық университетіннің «Стандарттау және ветеринарлық санитария» кафедрасында операторлық қызметінен бастады. 2017-2018 оқу жылы Тараз инновациялық - гуманитарлық университетінің «Стандарттау және сертификаттау» мамандығының магистратурасының күндізгі бөлімінде оқиды.

Ғылыми еңбектер:

- «ҚАЗГИДРОМЕТ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сапасын арттыруда өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

- Инновациялық кластер құру- жоғарғы оқу орындарында ғылым бағытын жетілдірудің маңызды алғышарттары ретінде ТИГУ баспасы 2017.-172б.

Біліктілік көтеру:

ҚР инвестициялар және даму министрлігі Техикалық реттеу және метрология комитетінің «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру», «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу», «Кәсіпорындарда менеджмент жүйелерін енгізу»,  «Менеджмент жүйелерін кәсіпорындарда енгізу», сонымен қатар ҚР инвестициялар және даму министрлігі Техикалық реттеу және метрология комитеті және «Қазақстан стандарттау және сертификаттау» РМК-ның « СТС және СФС шаралары жөнінде ақпарат алмасу арқылы мемлекет пен бизнес қауымының өзара әрекеттестігі»  және т.с.с. сертификаттарын алған.

Байланыс тел. Сот. 87784980863. E.mail: g_talgat@bk.ru


Байлыбеков Ғани Рахметуллаұлы

$
0
0

ӨМІРБАЯН

       Байлыбеков Ғани Рахметуллаұлы 1981 жылдың 29 қазанында Жамбыл облысы  Меркі  ауданының сол кездегі Нововоскресеновка ауылында дүниеге келдім.
       1998 жылы Тараз қаласындағы №49 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті бітірдім.
     1998-2002 жылдар аралығында  аймақтағы  іргелі  оқу орны - М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тарих және география» мамандығы бойынша білім алып, үздік тәмамдадым. 2002 жылы осы жоғары оқу орнының «Тарих» мамандығы бойынша магистратурасына түсіп, үздік дипломмен бітірдім.  
      Еңбек жолымды  2003 жылы   Тараз мемлекеттік университетінің «Отан тарихы» кафедрасында оқытушы болудан бастап, 2005-2009 жылдар аралығында А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтында «Тарих» кафедрасының аға оқытушысы қызметтерін атқардым.  
2009 жылдың қыркүйегінен бастап бүгінгі уақытқа дейін Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде баспахана бастығы қызметтерін   абыройлы атқарып келемін.
     Әрбір ұжым басшысының абыройлы міндеті ретінде өзім басқаратын  бөлім қызметкерлерінің біліктілігін көтеру,  жаңашылдық пен іскерлікке баулу деп білемін. Осы мақсат жолында табанды жұмыстар атқарудамын. Университет баспасынан бүгінгге дейін отандық ғылымға сүбелі үлес қосып келе жатқан ғалымдардың, белгілі қоғам қайраткерлерінің, зиялы қауым өкілдерінің еңбектері басылып шықты. Университет баспаханасын заманауи техникалық құралдармен жабдықталуы бағытында да университет әкімшілігімен бірлесе  жүйелі жұмыстар атқарудамын.
     Жоғары оқу орындарындағы он бес жылға жуық педагогикалық еңбек жолымда басшылық қызметпен қатар, оқытушылық қызметті қатар алып жүруге тырыстым. Өз бағытым бойынша бірқатар ғылыми-зерттеу мақалаларым республикалық, халықаралық конференция материалдарының жинағында, ғылыми журналдарда  жарық көрді.
     Университеттің оқу, оқу-әдістемелік, ғылым мен тәрбие, қоғамдық саласындағы атқарған қызметім  басшылық тарапынан ескеріліп,  алғыс хаттармен,  «ТИГУ-ге 5 жыл» мерейтойлық төсбелгісімен марапатталдым. Сондай-ақ, 2017 жылғы Алматы қаласында өткен 28-Дүниежүзілік қысқы универсиадасының Алау эстафетасын Жамбыл жерінде ұйымдастыру мен кең дәрежеде өтуіне қосқан сүбелі үлесім үшін  облыс әкімшілігінің арнайы марапатына  ие болдым.

Жастар практикасы

$
0
0

«Білім туралы...........»  ҚР  Заңынан көшірме

ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ

Жастар практикасы – жергiлiктi атқарушы органдар өңiрлiк еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарының түлектерi алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн жинақтау мақсатында iске асыратын еңбек қызметiнiң түрi.

Жастар практикасын ұйымдастыру - жастар практикасы жұмыс берушiлерде олардың меншiк нысанына қарамастан ұйымдастырылады.
Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады және мынадай ерекшелiктерi бар:
1) арнайы түлектердiң алған кәсiбi (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжiрибесiн жинақтауына арналған;
2) жастар практикасына қатысушыларға еңбекақы төлеу мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi;
3) жұмыс орындарының саны шектелмеген, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындарын пайдалануға болмайды;
4) жолданатын түлектер уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретiнде тiркелуге және олардың жасы 29-дан аспауға тиiс;
5) жолдама беру сәтiнде жолданатын азаматтар үшiн уәкiлеттi органда және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығында лайықты тұрақты жұмыс болмаған болуы керек.

Жұмыссыз азаматтарды жастар практикасына жiберу

Уәкiлеттi орган және/немесе халықты жұмыспен қамту орталығы:
1) жұмыссыз азаматтарға жастар практикасынан өтуге байланысты мәселелер бойынша консультация бередi;
2) жастар практикасынан өту үшiн түлектер қатарындағы жұмыссыз азаматтарды жасалған шарттарға сәйкес және кәсiптiк бiлiмiн ескере отырып, жұмыс берушiлерге жiбередi.
Түлектер жастар практикасына 12 ай кезеңiнде бiр рет қатыса алады және жұмыссыз ретiнде тiркелген күнiне сәйкес кезектiлiк тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жастар практикасына қабылданған түлек жасалған еңбек шартының мерзiмi аяқталғанға дейiн тұрақты жұмысқа қабылдануы мүмкiн. Бұл ретте жұмыс берушi уәкiлеттi органға немесе халықты жұмыспен қамту орталығына тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшiрмесiн жолдайды.
Жасалған еңбек шартының мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыс берушi жастар практикасына қатысушының талабы бойынша практикадан өту туралы пiкiр (ұсыным хат) бередi.

Жастар практикасын қаржыландыру

Жастар практикасын қаржыландыру жастар практикасынан өту үшiн құрылған жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан түлектерге еңбекақы төлеуге мемлекеттiк бюджеттен қаражат берудi қамтиды.
Жастар практикасын қаржыландыруды жұмыс берушiлермен жасалған шарттар негiзiнде, ай сайын қаржыландырудың бекiтiлген жоспарларына сәйкес және осы мақсаттарға аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) бюджеттерiнде көзделген сома шегiнде уәкiлеттi органдар жүзеге асырады.

Жастар практикасын ұйымдастыру ережесі
Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және 29 жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Жастар практикасы тұрақты жұмыс орындарынан тыс және бос тұрақты жұмыс орындарынан тыс жүргізіледі. Мұндай жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда құрылмайды.
Жастар практикасы бойынша жұмыс орындарының саны шектелмейді.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган:
1) жастар практикасын ұйымдастыруға сұраныс пен ұсынысты қалыптастырады;
2) жастар практикасын ұйымдастыруға өтінім берген өңірлердегі ұйымдардың тізбесін, білім беру ұйымдары түлектерінің қатарынан тартылатын жұмыссыздардың санын, олардың еңбек жағдайын және еңбегіне ақы төлеу мен қаржыландыру көздерін айқындайды.
Ұйымдардың тізбесі жыл бойы қажетіне қарай жаңартылып отырады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын қаржыландыруға жұмыс берушімен шарт жасасады.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде жастар практикасын өту үшін жұмыс орындарын құрады. Жұмыс орындары түлектердің білім беру ұйымдарында меңгерген кәсібіне (мамандығына) сәйкес келеді.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарға жастар практикасын өту мәселесі бойынша консультация береді және олар келіскен жағдайда жастар практикасына жолдама береді.
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына жұмысқа қабылдағаны немесе қабылдаудан бас тартқаны туралы хабарлайды.
Жұмыс беруші мен жастар практикасына қатысатын жұмыссыз арасында еңбек шарты жасалады.
Жастар практикасына жіберілген жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қолданылады.
Бос орын пайда болған кезде және қатысушының келісімімен жасалған еңбек шартының мерзімі аяқталғанға дейін жастар практикасына жұмыс берушінің бастамасы бойынша тұрақты жұмысқа орналастыруға рұқсат беріледі. Бұл ретте жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығына Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде тұрақты жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін жолдайды.
Жұмыс беруші жастар практикасына қатысушыға кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітеді.
Жұмыс берушілер жастар практикасын ұйымдастырудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда жастар практикасына қатысушыларға жалақы төлеуге мемлекет жұмсаған шығыстарды жұмыс берушілердің бюджетке өтеуімен олармен жасалған тиісті шарт бұзылуға тиіс.
Жастар практикасын қаржыландыру республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.
Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушыларға жалақыны қаржыландыру еңбек шартына сәйкес алты ай ішінде жүзеге асырылады.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жастар практикасына жіберілген жеке тұлғалардың еңбекақысын қоса қаржыландыру және субсидиялау жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына және жастар практикасына 2016 жылы "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы шеңберінде жіберілген адамдарға бұрын жасалған шарттардың мерзімдері аяқталғанға дейін осы Бағдарламаның шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмысын жалғастыруға және жастар практикасын өтуге құқық беріледі.

 

«Жастар кадрлық резерві» бағдарламасы

$
0
0

rezerv«ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВІ» бағдарламасы

       ҚР Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» ХДП қолдауымен жас талантты, белсенді қазақстандықтар қатарынан елдің басқарушы кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы іске асырылды.
      2009 - 2016 жж. аралығында «Жастар кадрлық резерві» жобасына 14 000 астам жастар өтінім берген, олардың ішінде 420 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқыту модульдерінен, кәсіби құзыретті бағалаудан, әр түрлі ұйымдардан тағылымдамадан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім, қоғамдық ұйымдар, БАҚ жетекші өкілдерімен кездесті.
       2016 жылы жобаны іске асыру сондай-ақ  жас мамандар қатарынан елдің басқару кадрларын анықтау, іріктеу, дайындау және тәрбиелеу және үш бағыттар бойынша әлеуметтік-маңызды қызметті қосуды болжайды:

Read More...

Дипломмен ауылға

$
0
0

ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА

ЖОО мынадай мамандықтар бойынша аяқтаған студенттер үшін:
•    білім беру;
•    денсаулық сақтау;
•    әлеуметтік қамтамасыз ету;
•    мәдениет және спорт;
•    ветеринария.
Мемлекет жас мамандарды әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерден жұмыс ұсынады:
•    70 АЕК мөлшеріндегі көтерілуге көмектің бірыңғай жәрдемақысын төлеу;
•    бюджетный кредит для приобретения и строительства жилья сроком на 15 лет, со ставкой вознаграждения в размере в размере 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға және құрылысына арналған бюджеттік несие;
•    ауылдық елде мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелерінің мамандарына лауазымдық еңбекақының тарифтік мөлшерлемесінен 25 % кем емес (қалалық елді мекенде)  арттыру.
Бағдарламаға қатысу үшін:
•    сіз таңдаған елді мекеннен жұмысты өзіңіз табуыңыз (ауылдық мектеп, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б.);
•    жұмысқа қабылдағанда кандидат аудандық комиссияға бағдарламаға қатысуға өтініш беру;
•    жұмысты өзіңіз іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда сіз ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне немесе аймақтардағы жауапты қызметкерлерге жүгіну;
•    аймақтардағы кадрлардың қажеттіліктері туралы мәліметтер облыстық әкімдіктердің басқармаларының сайттарында орналастырылуы қажет.
Қажетті құжаттар:

Read More...

Жұмыс өтеушінің міндеттері

$
0
0

ЖҰМЫС ӨТЕУШІНІҢ МІНДЕТТЕРІ

     17. Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында белгiленген квота шегiнде педагогтік, медициналық және ветеринарлық мамандықтар бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтар жоғары оқу орнын бітіргеннен кейiн тиісінше мемлекеттік бiлiм беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде не ауылдық жерде орналасқан мемлекеттік ветеринария ұйымдарында кемiнде үш жыл жұмысты өтеуге мiндеттi.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
      Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуын бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмысты өтеуге міндетті.
      Осы тармақта аталған адамдардың жұмысты өтеу жөніндегі өз міндеттерін орындауына немесе жұмысты өтемеген жағдайда бюджет қаражатының шығыстарын өтеуіне мониторингті және олардың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету білім беру саласындағы уәкілетті орган сенім білдірген агентке жүктеледі.
      Осы Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін оқытқан жері бойынша өңірде кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.
      17-1. Мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте бөліну құқығына мыналар ие:
      1) жұбайы (зайыбы) бос орынды ұсынған елді мекенде тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін адамдар;
      2) ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдар, сондай-ақ бос орынды ұсынған елді мекенде тұрақты тұратын, қорғаншылар және қамқоршылар болып табылатын адамдар.
      17-2. Осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен мынадай санаттағы жас мамандарға:
      1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;
      2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;
      3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға;
      4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.
      17-3. Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:
      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;
      2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;
      3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;
      4) осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.
      17-4. Осы баптың 17-2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17-тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды өтеуге міндетті.
      17-5. Жас мамандар осы баптың 17-тармағында көзделген жұмыспен өтеу жөніндегі міндетті орындамаған жағдайда, білім беру саласындағы уәкілетті органның сенім білдірілген агентінің бюджет қаражатының шығыстарын өтеу жөніндегі талабына талап қоюдың ескіруі қолданылмайды.
      18. Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ережелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
      Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19 № 395-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 337-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2016 № 501-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

1 мамыр күніне арналған мерекелік іс-шара

$
0
0

ҚР Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында өткізіліп отырған

«Достығы жарасқан Қазақстан» атты 1 мамыр күніне арналған мерекелік іс-шара1mai 4

     2018 жылдың 27 сәуір күнінде ТИГУ-дың «Жаратылыстану» факультетінде «Стандарттау және ветеринариялық санитария» кафедрасының ұйымдастырылуымен «Достығы жарасқан Қазақстан» атты 1 мамыр күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Шараға «Стандарттау және ветеринариялық санитария» және «Жаратылыстану мамандықтары» кафедраларының студенттері белсене ат салысты. Құттықтау сөзі «Жаратылыстану» факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент К.Б. Булекбаеваға берілді. Декан өз сөзінде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мейрамының маңыздылығын атап көрсетті. ВС-17-1, СС-17-1, СС-16-1, Физ-16-1, Мат-15-1 топ студенттері «Достық биін» орындады. Мат-15-1 топ студенті Айниязова Нурсая және ВС-17-1 топ студенті Төлеке Айдос патриоттық тақырыбында ән шырқады.

1mai1mai 21mai 11mai 3

«Рухани жаңғыру» орталығының құрылымдық ережесі

$
0
0

     Орталық 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс жүргізуде.
     Орталықтың  мақсаты мен міндеттері:
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде құрылған «Рухани жаңғыру» орталығының  мақсаты – Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, рухани жаңғыру бағыттары бойынша жобалар ұсынып, орындау, облыстық, республикалық офистермен тікелей байланыста болып, олармен шығармашылық бірлікте жұмыс атқару болып табылады.
жоғарғы оқу орындары және ғылыми мекемелерімен ғылыми байланыстар мен қарым-қатынастарды реттеуге қатысу;
- ғылыми-өндірістік бірлестіктермен, өндірістік кәсіпорындармен, ғылыми ұйым-дармен  шаруашылық келісім шарт жасауына байланысты қатысуға;
- университет профессор–оқытушыларының және студенттердің үздік ғылыми–зерттеу жұмыстарының нәтижелерін халықыралық, республикалық және аймақтық  деңгейде өткізілетін гранттарға, конкурстарға және олимпиядаларға қатыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- университеттегі  ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізуге атсалысу;
- жасалынатын ғылыми өнімнің маркетингтік зерттеулерін өткізуге қатысуға;
- ғылыми-техникалық өнімдерді шығару үшін жаңа технологиялық құралдарды  эксперимент-өндірістік базаларды жетілдіруіне атсалысуға;  
- симпозиумдарға, семинарларға, ғылыми конференцияларға қатысуға;
- қызметтің барлық түрлері  бойынша жарты жылдық және жылдық есеп беру дайындығына қатысуға;
- университет Ережесін;
- осы қызметтік нұсқаудын талаптарын, ішкі еңбек тәртіп, еңбекті қорғау, өрттен сақтану және өндірістік санитария ережелерін сақтауға;
- кенсе техникалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге.

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ»  ОРТАЛЫҒЫ
МАМАНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТІК НҰСҚАУЫ

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыруымен айналысады.
1.2 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің мамандар санатына кіреді.
1.3 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы өз жұмыстарын басшылыққа алады:
- ТИГУ  «Рухани жаңғыру» орталығының барлық құжаттамаларын;
- «Рухани жаңғыру» орталығының ережесін;
- осы қызметтік нұсқауды.
1.4 «Рухани жаңғыру» орталығының маманын өз қызметіне тағайындау және босату ректор немесе тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректоры бұйрығымен жүзеге асады.
1.5 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы «Рухани жаңғыру» орталығының қажетті ақпараттардың дұрыстығын бақылап, жинау жұмыстарын атқарады.
1.6 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы тікелей «Рухани жаңғыру» тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
1.7«Рухани жаңғыру» орталығының маманы уақытша жұмыста болмаған кезде (демалыс, ауру-сырқау, т.б.) оның міндеттерін ректордың бұйрығымен тағайындалған тұлға атқарады. Уақытша тағайындалған тұлға қажетті құқықтарға ие болып, жүктелген міндеттердің сапалы және уақытылы орындалуына жауап береді.

2 БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ

2.1 «Рухани жаңғыру» орталығының маман қызметіне жоғары білімі және ғылыми-педагогикалық еңбек тәжірибесі  3-жылдан жоғары болған тұлға тағайындалады.
2.2 «Рухани жаңғыру» орталығының маманы білуі тиіс:
- «Рухани жаңғыру» орталығының мақсат-міндеттерін  білуге;
- Қазақстан Республикасының Конституциясын;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
- мемлекеттік білім стандарттарының талаптарын;
- есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын;
- ТИГУ-дың бақылау тәсілдерінің ұйымдық және басшылық құрамын қызметкерлері және құрылымдарын;
- ұйымдастыру-нұсқаулық құжаттардың бірыңғай жүйесінің стандарттарын;
- этика және эстетика негізін;
- іскерлік қатынастың ережесін;
- еңбек туралы Заңдарын;
- ТИГУ ішкі тәртібін;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормаларын.
2.3 «Рухани жаңғыру» орталығының маман қызметі белгіленген тәртіп бойынша атқаратын қызметіне сәйкес аттестаттаудан өтеді.

3 МІНДЕТТЕРІ

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы міндетті:
- «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен байланыстар мен қарым-қатынастарды реттеуге қатысу;
- университет профессор–оқытушыларының және студенттердің үздік жобаларының жұмыстарын жүзеге асыруды ұйымдастыру;
- университеттегі  жобалар мен іс-шараларды өткізуге атсалысу;
- семинарларға, ғылыми конференцияларға қатысуға;
-қызметтің барлық түрлері  бойынша жарты жылдық және жылдық есеп беру дайындығына қатысуға;
- тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорының жекелеген тапсырмаларын орындауға;
- университет Ережесін;
- осы қызметтік нұсқаудын талаптарын, ішкі еңбек тәртіп, еңбекті қорғау, өрттен сақтану және өндірістік санитария ережелерін сақтауға;
- кеңсе техникалық құрал-жабдықтарды қолдана білуге.

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы құқылы:
- міндеттердің түрлерін нақты анықтайтын қызметтік нұсқауымен танысу;
- белгіленген тәртіп бойынша біліктілігін көтеру;
- ішкі тәртіп ережесімен белгіленген қызметтегі жетістіктері үшін моральдық және материалдық марапаттауға;
- кітапхана, есептеу орталығы, университет бөлімдерінің оқу және ғылыми қорымен, әлеуметтік-тұрмыстық, емдеу және университеттің басқа да құрылымдық бөлімдердің қызметін тегін пайдалануға.

5 ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Рухани жаңғыру» орталығының маманы жауапты:
- Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңымен анықталған және осы қызметтік нұсқауда көрсетілген өзінің қызметтік міндеттерін тиянақты орындамағаны және орындалмағаны үшін;
- Қазақстан Республикасының азаматтық, қылмыстық, әкімшілік заңдарымен анықталған қызметін бабында жасалған құқық бұзушылықтар үшін;
- Қазақстан Республикасының азаматтық және еңбек заңдарымен анықталған материалдық шығын келтіргені үшін;
- университеттің  конфиденциалды ақпараттарын жариялағаны үшін жауапқа тартылады.

«Рухани жаңғыру» орталығының құрылым ережелері

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1  «Рухани жаңғыру» орталығының маманы университеттің Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясындағы жұмыстарды жоспарлап, ұйымдастыруымен айналысады.
1.2 «Рухани жаңғыру» орталығы жұмыстары барысында тәрбие және стратегиялық даму  жөніндегі проректорға бағынады.
1.3 «Рухани жаңғыру» орталығы өз жұмыстары барысында басшылыққа алады:
- Қазақстан Республикасының  Білім туралы заңын,  Еңбек кодексін;
- Орталық жобалық офистің тапсырмаларын;
- мемлекеттік білім стандарттарын;
- ректордың бұйрықтары мен өкімдерін;
- осы ережені.
1.4 «Рухани жаңғыру» орталығы жұмыстарын тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор  басқарады.
1.5 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметкерлері еңбек заңына сәйкес университет ректоры бұйрығымен жұмысқа қабылданады және босатылады.
1.6 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметіне толығымен   тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор жауап береді.

2 ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1«Рухани жаңғыру»  орталығындағы штат құрылымы мен санын бөлім атқаратын іс-әрекеттердің көлемі мен  ерекшелігін ескере отырып, ректор бекітеді.
2.2«Рухани жаңғыру» орталығының  құрамында жұмыс істейді:
- маман.

3 ФУНКЦИЯЛАРЫ

3.1.«Рухани жаңғыру» орталығы функционалды міндеттері:
- университет тарапынан ұсынылған жобалардың орындалуын қадағалау, қажетті орындарға ақпарат беру;
- Елбасы бағдарламасында көрсетілген таяу жылдарға арналған міндеттер аясында іс-шараларды жүзеге асыру;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша
- Латын әліпбиіне көшу бойынша ғалымдармен сұхбаттар жүргізіп, ұлттық комиссия құрамына мүшелер ұсыну;
- Университет ПОҚ жаңа әліпбиді үйретуге жұмылдыру;
- «Жаңа гуманитарлық білім» бойынша оқулықтар дайындау, ұсыну.
3.2.«Рухани жаңғыру» орталығының жұмысы университет ректорымен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қабылданған шешімдерге байланысты  жүзеге асырылады.

4 ҚҰҚЫҚТАРЫ

«Рухани жаңғыру» орталығы құқылы:
- құрылымдық бөлім басшылары мен басқа да мамандардан өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар мен құжаттарды алуға;
- университет әкімшілігінен өз жұмыстарының ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін және сонымен қатар өз міндеттері мен құқықтарының орындалуына жағдай жасалуын  талап етуге;
- өз үкіметтілігі ретінде құжаттарға қол қоюға және келісім беруге;
- университеттің кітапхана, есептеу орталықтары, оқу және ғылым ақпараттық қорлары, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық, емдеу және т.б. құрылымдық бөлімдердің қызметін тегін пайдалануға.

5 МІНДЕТТЕРІ

«Рухани жаңғыру» орталығы міндеттері:
- семинарларды, ғылыми конференцияларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру;
- жобалар базасын кеңейту;
- еңбек ұйымының әлеуметтік, мәдениеттік, тұрмыс-тіршілік жағдайларын жақсарту.

6 ЖАУАПКЕРШІЛІК

«Рухани жаңғыру» орталығы жауапты:
- орталыққа тиісті жұмыстарды мерзімді орындауға;
- ұсынылған жобалардың сапасы мен тиімділігіне.

7 БАСҚА ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМДЕРМЕН ӘРЕКЕТТЕСУ

«Рухани жаңғыру» орталығы тікелей Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.
7.1 «Рухани жаңғыру» орталығы Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректорға, сондай-ақ ректорға, университеттің Ғылыми Кеңесіне өз есебін беріп отырады.
7.2 Заңгермен бірге заңдық және құқықтық актілердің бұзылуына байланысты мәселелерді шешеді.
7.3 «Рухани жаңғыру» орталығы қызметіне байланысты кадрларды таңдау мәселелерін ректор, Тәрбие және стратегиялық даму жөніндегі проректор, кадр бөлімі шешеді.
7.4 «Рухани жаңғыру» орталығы компьютерлендіру және бағдарламалық қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты қашықтан білім беру және компьютерлік технологиялар басқармасымен тығыз қарым-қатынаста болады.
7.5 «Рухани жаңғыру» орталығы ғылыми жұмыс жоспарларын ұйымдастыру  мәселесі бойынша университет құрылымдарымен тығыз қарым-қатынаста болады.


БАҚ материалдары/СМИ материалы

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

$
0
0

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім
беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.
Сырттай, кешкі нысандарда және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін жоғары білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер Қазақстан Республикасының азаматы оны бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Сертификаттар ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) немесе эксперименттік алаң болып табылатын "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша, сондай-ақ тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) 2014, 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарына (бұдан әрі – халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) беріледі.
"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдары ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін шәкілге сәйкес қорытынды бағаларды балға ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаты беріледі.
Білім беру грантын беру конкурсы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережелеріне сәйкес өткізіледі.
5. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.
КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.
6. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ қайта өткізіледі.
7. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және КТ-ге қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін КТ қайта өткізіледі.
8. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орындарына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе КТ қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе КТ-дің қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.
9. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша қысқартылған оқу мерзімімен оқуға қабылданады.
«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарды ұқсас мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша жоғары оқу орындарына қабылдау КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Жоғары білім саласындағы ұқсас мамандықтар мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жоғары оқу орындарына жоғары білімі бар адамдарды ақылы негізде қысқартылған мерзімде оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
10. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
11. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
12. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.
13. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарына түсетін адамдардан құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындысымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.
14. 14. ҰБТ немесе КТ тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында немесе базалық жоғары оқу орындарында өткізіледі.
ҰБТ шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдар үшін ҰБТ өткізу пункттерінің базасында өткізіледі.
КТ шығармашылық мамандықтарға түсетін, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдар үшін түсушінің таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.
15. ҰБТ және КТ өткізу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
16. ҰБТ немесе КТ-нің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
17. КТ-нің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
18. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.

2. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі

19. Арнаулы немесе шығармашылық емтихандар өткізілетін мамандықтардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Педагогикалық немесе шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (түпнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі екі фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.
20. Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.
21. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
22. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан жері бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
23. Орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
24. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға түсушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
25. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнайы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусымнан – 14 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
26. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.
Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.
27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Арнайы және (немесе) шығармашылық емтиханды өткізу бағдарламаларын жоғары оқу орны әзірлейді және жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
28. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
29 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
30. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
31. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
32. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.
33. Шығармашылық емтихан бойынша 5-тен төмен балл (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.
34. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
35. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
36. Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.
Шығармашылық емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге шығармашылық емтиханды тапсыру орнына қарамастан, жоғары оқу орнына ақылы негізде оқуға түсу үшін ведомостан үзінді беріледі.
37. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
38. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.
39. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
40. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

3. Жоғары оқу орындарына қабылдау

41. Студенттерді жоғары оқу орындарына қабылдауды қабылдау комиссиялары 10 - 25 тамыз аралығында өткізеді.
Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
1) еңбек кітапшасын;
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қоса береді.
Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (түпнұсқа), 3 х 4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.
42. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері шығармашылық емтихан тапсырған жоғары оқу орнына қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуға түсетін Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен кемінде үш жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасайды.
43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ұлттық жоғары оқу орындарына шығармашылық емтихан тапсыруды талап ететін мамандықтар бойынша ақылы оқуға ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш кәсіптік немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 25 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл алған) бітірушілері қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті адамның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
44. Жоғары оқу орнына қабылдау оқыту нысаны, мамандықтар және тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
45. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде жоғары оқу орнының студенттері қатарына қабылданады.
Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төлеуге жататын соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап төрт аптадан асырылмай ұзартылады.
46. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
47. Осы Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес шешеді.

Мемлекеттік білім тапсырысы

«Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы

$
0
0

«Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығы

PetryaevАты-жөні: Петряев Сергей Вячеславович
Туған жылы, айы, күні: 05.11.1988 ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: «Қаржы»
Бітірген оқу орны: А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Магистратура: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті.
Университеттегі қызметі: «Спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының»  директоры
Ғылыми дәрежесі: Экономика Магистрі


«СПОРТТЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР»  орталығы

          Орталық 2017 жылдың 01 қыркүйекінен бастап жұмыс жүргізуде.

Орталық  директоры,  өмірбаяны:

        Петряев Сергей Вячеславович – 2006-2010 жж. А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының «Қаржы» мамандығын бітірген;
2012 ж. Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін Экономика Магистр дәрежесін алды.
- Қараша 2010 тамыз 2012 жж аралығында «Халық Банк Қазақстан» АО Шағын бизнес менеджерінің ассистенті.
- Қыркүйек 2012 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне Тәрбие бөлімі маманы.
- Қараша 2015ж. «Мобильді және Болон процесс» секторының бастығы.
- Қыркүйек 2016ж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Спорттық-сауықтыру комплекс» директоры.
- Қыркүйек2017ж. – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының»  директоры.

           Орталықтың мақсаты мен міндеттері:

      Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығының мақсаты:
-    ТИГУ студенттері мен қызметкерлерінің дене шымырлығын жақсарту;
-    Жалпы белсенді тұлғалықты сипаттайтын адамгершілік қажетке тәрбиелеу мен қатар ТИГУ студенттері мен қызметкерлерінің әрбіріне тән дене шымырлығың қабілеттерін жаң-жақта жетілдіру;
-    Спорт пен дене тәрбиені насихаттау, ТИГУ студенттері мен қызметкерлерін спорт түрлерімен және дене тәрбиесімен тұрақты түрде айналысуға қызықтыру;
-    Белсенді демалыс.

 «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығының міндеттері:

-    Дене мәдениеті тұлғалығын қалыптастыратын спорт пен дене тәрбиесі жұмыстарын жүйелеу және кешенді ықпал ету;
-    Университет студенттері мен қызметкерлеріне тактикалық, шымырлық тұрғыдан өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жан-жақты қамқорлық көрсету;
-    ЖОО студенттері мен қызметкерлерінің, сондай-ақ олардын ата-аналарының арасында салауатты өмір салтын ұстауын нығайту және насихаттау;
-    Студенттер мен қызметкерлердің танымдық – сауықтыру ой-өрісін мазмұнды ұйымдастыру;
-    ТИГУ студенттері мен қызметкерлерінің денсаулығы мониторингін іске асыру және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігіне баға беру.

   Атқаратын қызметтері:

     Университеттегі спорттық-бұқаралық жұмыстарының негізгі студенттер спартакиадасы, ұлттық ойындар, жарыстарды ТИГУ студенттеріне және ПОҚ өткізу.   

Мекен-жайы: Сатпаев көшесі, 1А., Спорт кешенінде
Ұялы тел: 8 705 600 47 35
e-mail:petryayev.sv@bk.ru

Орталық  қызметкерлері:

BalabiАты-жөні: Балаби Сырым Кайратұлы
Туған жылы, айы, күні: 06.10.1995ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: «Құқық»
Бітірген оқу орны: Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті.
Университеттегі қызметі: «Спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының»  директоры орынбасары.
Ғылыми дәрежесі: Бакалавры
Ұялы тел:8 707 172 78 94

 

CaribaevАты-жөні: Сарыбаев Кайрат Бакытович
Туған жылы, айы, күні: 07.08.1981ж.
Білімі: Жоғары
Мамандығы: «Дене шынықтыру және спорт пәнінің оқытушысы, таңдаған спорт түрі бойынша жаттықтырушы»
Бітірген оқу орны: Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті.
Университеттегі қызметі: «Спорттық-бұқаралық жұмыстар орталығының»  нұсқаушы.
Ғылыми дәрежесі: Бакалавры
Ұялы тел:8 778 781 99 55

«ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСТАРЫ» БӨЛІМІ

$
0
0

«ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ КАДР ЖҰМЫСТАРЫ» БӨЛІМІ

«Ұйымдастыру және кадр жұмыстары» бөлімінің бастығы – Сихаева Құндыз Мейрханқызы.
               
SixaevaТуған жылы және жері:  29.05.1975ж. Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Фурмановка селосы.
Білімі: жоғары, заң ғылымдарының магистрі.
1992-1996  жж. - «Элтекс» жоғары кәсіпкерлер мектебі, «Маркетинг және коммерция» мамандығы
2002-2004 жж.- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, «Қаржы және несие» мамандығы.
2012-2014 жж.- Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Құқықтану» мамандығын  аяқтап, заң ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алды.    
Еңбек жолы:
1996-1997 жж.  «Бірлік» тұтынушылар кооперациясы мен сауда кәсіподақ ұйымының Алматы облыстық комитеті «Әкімшілік-шаруашылық» бөлімінің меңгерушісі;
1997-2002 жж. Алматы қаласы, «Сакеш» ЖШС әкімші;
2003-2005 жж.- Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институты, кадр бөлімінің маманы.
2007-2011 жж.- «Тараз қаласының әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемісі, іс-жүргізуші, жетекші маман, бас маман.     
2011 жылдан бері Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Ұйымдастыру және кадр жұмыстары» бөлімінің бастығы.
Рабочий телефон: +8 (7262) 511355 
E-mail: kunduz_sihaeva@mail.ru

       Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі университеттің ғылыми педагогикалық кадрларын, оқу-көмекші персонал қызметкерлерін, шаруашылық қызмет және әкімшілік басқару аппаратын жасақтаумен айналысады. Қазақстан Республикасы Заңдары мен басқа да нормативті құқықтық актілерін, персоналды басқару жөніндегі әдістемелік материалдарды, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, ректордың бұйрықтары мен нұсқауларын, басшылыққа алады. Бөлім тікелей бірінші басшыға бағынады, есеп береді.

Бөлімнің штат бірліктері және қызметкерлері:
бас маман:       Іңкәрбекова Динара Нұрханқызы
маман:            Ошақбаева Айзада Кендебайқызы
                         Иманбердиева Жанерке Нұржігітқызы
мұрағатшы:  Несіпбаева Құралай Бектенбайқызы

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің мақсаты

- қажетті кадрлармен қамтамасыз ету және  оның әлеуетін тиімді пайдалану арқылы, университет мақсаттарын іске асыруға ықпал ету;
- арнайы стратегияларды қолдана отырып жұмысшыларды іріктеу: халықты қызметпен қамтамасыз ету орталығына мәлімет беру арқылы,сондай-ақ, таңдау әдістемелерін қолдана отырып, мамандардың біліктілігін арттыру және бейімделуіне көмек беру.

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің функциясы

- университет кадрларын біліктілігін, жеке және іскерлік қасиеттері негізінде іріктеп, басшылыққа ұсыну;
- алған мамандықтары мен кәсіптеріне байланысты қызметкерлерді қабылдауға, ауыстыруға бұйрық дайындау, тәжірибеден өту және біліктілікті көтеру жұмыстарын өткізуге атсалысу;
- қызметкерлердің аттестациясын ұйымдастыру, аттестация нәтижесін сараптау, аттестациялық комиссияның шешімдерін іске асыру бойынша іс-шаралар жасау;
-бөлімнің жұмысын ғылыми-әдістемелік жақтан қамтамасыз ету, материалды-техникалық және ақпараттық базасын жаңарту, қызметкерлердің автоматтандырылған жұмыс орнын қолдана отырып жаңа кадрларды басқару әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
- бөлім жетекшілерінің нормативті құқықтық актілерін орындау, ректордың кадрлар саясаты және персоналмен жұмыс мәселелері жөнінде бұйрықтарын дайындау;
- еңбек уәждемесін көтермелеу жүйесін енгізу;
- қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес есеп жүргізу, демалыс кестесін ресімдеу.

Ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімі қызметкерлерінің жетістіктері:

     Ғылыми конференцияларға, семинарларға, мәдени іс-шараларға, әр түрлі үйірмелер мен спорт секцияларына қатысу- қызметкерлердің жұмыс процесіндегі қарым-қатынасты толықтыра түседі. Біздің бөлімінің қызметкерлері университет өміріне белсене қатысып қана қоймай, біліктілігін арттыруды да ұмытпайды.
          
1.Белсене үлес қосқаны үшін, 2017 жылғы ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алау эстафетасын ұйымдастыру комитетінің алғыс хаты, 2017 жыл.
2.Бөлім басшысы Сихаева Қ.М. – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаты, 2017 жыл.
3.Бөлім басшысы Сихаеа Қ.М. – «Экономика және басқару» Қазақстандық білім беру орталығының біліктілігін көтеру сертификаты, 2016 жыл.
4.Маман Ошақбаева А.К. – Тәуелсіздіктің 25 жыл толуына орай университеттің дамуына белсене үлес қосқаны үшін алғыс хат, 2016 жыл.
5.Маман Иманбердиева Ж.Н.- «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК біліктілік көтеру сертификаты, 2018 жыл.

Viewing all 30 articles
Browse latest View live




Latest Images